Нұрбек Қабдрахманов Шымкентте бірінші раундта жеңіске жетті
Қазақстандық MMA спортшысы Нұрбек Қабдрахманов Шымкентте өткен Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінде ирандық Мортеза Рашвандиді мерзімінен бұрын жеңді.
Бірінші раундта Қабдрахманов тұншықтыру әдісін қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті. Осыдан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, қазақстандық файтердің жеңісін тіркеді.
Бұл Қабдрахмановтың кәсіби мансабындағы 12-жеңісі болды. Рашванди тоғызыншы рет жеңілді.
Жекпе-жектің шешуші сәтін төменнен көруге болады.
Бұл туралы не ойлайсыз?