Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан чемпионы басты айқаста бірінші раундта жеңіске жетті

Асылжан Таскет Шымкентте Alash Pride FC 136 × Mangu 6 турнирінің басты жекпе-жегінде қырғызстандық Нұртилек Жалынбековті бірінші раундта тізе бүктірді. 

Қазақстан чемпионы басты айқаста бірінші раундта жеңіске жетті
instagram.com/asyljan_kaz/

Жартылай жеңіл салмақта өткен айқас бірінші раундта аяқталды. Таскет тұншықтыру әдісін қолданып, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.

Бұл Асылжанның кәсіби MMA-дегі 12-жеңісі. Оның көрсеткіші 12 жеңіс, 3 жеңіліс болды. Жалынбеков бесінші рет жеңілді, оның есебінде 12 жеңіс, 5 жеңіліс бар.

Асылжан Таскет – Alash Pride ұйымының жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы. Ол 2026 жылдың мамырында ресейлік Алексей Мешковті төртінші раундта нокаутқа түсіріп, чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған.

Жекпе-жектің шешуші сәтін төменнен көруге болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?