Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дияр Нұрғожай UFC-де қатарынан үшінші жеңісіне жетті

Дияр Нұрғожай Дохада өткен UFC Fight Night 294 турнирінде америкалық Алик Лоренцті екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Дияр Нұрғожай UFC-де қатарынан үшінші жеңісіне жетті
Instagram/@ufceurasia

Жартылай ауыр салмақтағы кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Бірақ қарсыластар толық уақыт жұдырықтасқан жоқ. Нұрғожай екінші раундта айқасты мерзімінен бұрын аяқтап, жеңісті өз еншісіне жазды.

Қазақстандық файтер үшін бұл UFC-дегі қатарынан үшінші сәтті жекпе-жек болды. Ол UFC-дегі алғашқы екі кездесуінде жеңілгенімен, кейінгі үш айқаста қарсыластарынан басым түсті. Сөйтіп оның ұйымдағы көрсеткіші үш жеңіс пен екі жеңіліске жетті.

Дохадағы нәтиже Диярдың кәсіби мансабындағы 13-жеңісі атанды.

Ал Алик Лоренц UFC-дегі дебютін жеңіліспен бастады. Америкалық спортшы кәсіби мансабында үшінші рет есе жіберді. Оның есебінде сегіз жеңіс бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?