Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Дзюдошылар Ташкенттегі Гран-приде бес медаль жеңіп алды

Дзюдодан Қазақстанның кадеттер арасындағы құрамасы Өзбекстан астанасындағы Гран-при кезеңінде бес жүлдеге ие болды.

Дзюдошылар Ташкенттегі Гран-приде бес медаль жеңіп алды
instagram.com/kaz_judoteam/

Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтын медальді 40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әдия Жанахмет салды.

Ернат Кеңесбек (55 кг) пен Аслан Ерғалиев (60 кг) өз салмақтарында финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. Ал Ғабит Расұлхан (60 кг) мен Ерік Үсенов (66 кг) қола медаль жеңіп алды.

Қазақстан құрамасының жүлдегерлері:

  • Әдия Жанахмет (40 кг) – алтын;
  • Ернат Кеңесбек (55 кг) – күміс;
  • Аслан Ерғалиев (60 кг) – күміс;
  • Ғабит Расұлхан (60 кг) – қола;
  • Ерік Үсенов (66 кг) – қола.

Ташкенттегі халықаралық турнир 24-25 қараша аралығында өтті. Байрақты бәсекеге әлемнің 19 елінен 250 дзюдошы қатысты.

Қазақстан атынан жарысқа 10 дзюдошы қатысып, олардың бесеуі жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Бұл туралы не ойлайсыз?