Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Мен оралдым": Конор Макгрегор ауыр жарақаттан кейін жаттығуға кірісті

UFC ұйымының екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы чемпионы, ирландиялық Конор Макгрегор ауыр жарақатынан кейін жаттығу залына оралды.

"Мен оралдым": Конор Макгрегор ауыр жарақаттан кейін жаттығуға кірісті
instagram.com/thenotoriousmma/

Жаттығуын жандандырды

Ирландиялық аралас жекпе-жек шебері әлеуметтік желідегі парақшасында велотренажерде жаттығып жатқан видеосын жариялады. Бейнежазба Макгрегордың жеке энергетикалық сусындар брендінің жарнамалық науқаны аясында түсірілген.

Файтердің айтуынша, тізесінің жағдайы жақсарып, физикалық күш-қуаты қалпына келе бастаған.

"Макгрегор оралды. Жаттығу залында дайындықты бастадым. Аяқпен салмақ итеріп, зілтемір көтеріп, тіземе күш түсіріп жатырмын. Қуатымды арттырып келемін. Тізем дайын, күшім қалпына келіп жатыр, денем жүз пайыз жұмыс істеп тұр. Жаттығу жиынына дайындалудамын. The Notorious қайта оралады", – деп жазды Макгрегор.

UFC-дегі сәтсіз оралуы

Еске салайық, биыл шілде айында өткен UFC 329 турнирі Конор Макгрегордың октагонға көптен күткен оралуымен есте қалуға тиіс еді. Бірақ ирландиялық файтердің жекпе-жегі сәтсіз аяқталды.

Турнирдің басты айқасында Макгрегор жартылай жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпион әрі BMF белбеуінің иегері америкалық Макс Холлоуэймен кездесті.

Жекпе-жек барысында екі рет құлап, орнынан тұрғаннан кейін қатты ақсай бастады. Осыған байланысты төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатуға мәжбүр болды. Нәтижесінде Холлоуэй техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Кейінірек UFC президенті Дана Уайт Zuffa Boxing баспасөз мәслихатында ирландиялық жұлдыздың бір жылдан кейін жекпе-жектерге қайта оралатынын айтқан еді.

Макгрегор жаттығуды қайта бастағанымен, оның келесі қарсыласы мен жекпе-жегінің нақты мерзімі әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?