Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстандық боксшы жеті жылдық үзілістен кейін жеңіске жетті

Кәсіпқой боксшы Айдос Медет (13-1, 9 КО) жеті жылдық үзілістен кейін әуесқой боксқа қайта оралып, алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтады. 

Қазақстандық боксшы жеті жылдық үзілістен кейін жеңіске жетті
instagram/@aidosmedet

Түркияда жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Түркияның Ыстанбұл қаласында өтіп жатқан IBA президенті кубогында бақ сынады. Оның қарсыласы руандалық Пасифик Нийонзима (1-0, 1 КО) болды.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан Айдос Медетке жеңіс берді. Осылайша отандасымыз жеті жылдан кейін әуесқой бокс шаршы алаңына сәтті оралды.

Кәсіпқой бокстағы жетістіктері

Айдос Медет 2018 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол 14 жекпе-жек өткізіп, 13 рет жеңіске жеткен. Оның тоғызын нокаутпен аяқтаған.

Қазақстандық боксшы кәсіпқой рингтегі соңғы кездесуін биыл қаңтар айында өткізді. Сол жекпе-жекте ол армениялық Азат Оганесянға (23-6, 17 КО) төрешілердің бірауызды шешімімен есе жіберген еді.

Бұл Айдос Медеттің кәсіпқой мансабындағы алғашқы жеңілісі болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?