Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Әлем кубогында Қазақстан мен Өзбекстанның екі боксшысы финал жолдамасына таласады

Ташкенттегі World Boxing-2026 әлем кубогының финалдық кезеңінде 30 қараша күні Қазақстан құрамасының екі өкілі Өзбекстан боксшыларымен жұдырықтасады.

Әлем кубогында Қазақстан мен Өзбекстанның екі боксшысы финал жолдамасына таласады
Instagram/@boxingkazakhstan

Сұлтанбек Айбарұлы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Күндізгі сессияда 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Сұлтанбек Айбарұлы өзбекстандық Норбек Абдуллаевпен қолғап түйістіреді.

Қазақстандық боксшы Ташкенттегі турнирді бірден жартылай финалдан бастайды. Күндізгі бәсекелер Астана уақытымен сағат 11:00-де басталады.

Өнер Сейілхан әлем чемпионымен кездеседі

Кешкі сессияда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тағы бір тартысты жекпе-жек өтеді.

80 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Өнер Сейілхан 2025 жылғы World Boxing әлем чемпионы, өзбекстандық Жавохир Умматалиевке қарсы шаршы алаңға шығады.

Қазақстандық боксшы ширек финалда қырғызстандық Алмаз Орозбековті жеңіп, жартылай финалға жолдама алған. Ал Умматалиев жарысты осы кезеңнен бастайды.

Кешкі сессия Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?