Ангелина Лукас әлемдік рейтингіде жоғары көтерілді
Қазақстандық боксшы Boxrec.com сайтының рейтингінде бір саты жоғарылады.
Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (11-1, 5 КО) аргентиналық Дебора Лопесті (21-3-1, 1 КО) жеңіп, Boxrec.com сайтының рейтингісіндегі орнын жақсартты.
Лукас Лопесті төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңген соң, IBO-ның супер жеңіл салмақтағы чемпионы атанған болатын. Осыған байланысты қазақстандық былғары қолғап шебері BoxRec рейтингінде 12-ші орыннан 11-ші орынға жайғасты.
Айта кетейік, 2024 жылы Ангелина Лукас алты жекпе-жек өткізді. Оның үшеуін нокаутпен аяқтаса, қалғанын төрешінің шешімімен жеңді. Бұған дейін ол кіші WIBF және WBF әлем чемпионы белбеулерін де жеңіп алған.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.