ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Шавкат Рахмонов желтоқсанда чемпиондық титул үшін октагонға шығуы мүмкін

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) Dar Pro Team командасы Instagram-дағы ресми парақшасында спортшының чемпиондық титул үшін жекпе-жекке шығатынын мәлімдеді. 

Шавкат Рахмонов желтоқсанда чемпиондық титул үшін октагонға шығуы мүмкін
runasport.com

Қазіргі уақытта «Номад» жартылай орта салмақ дәрежесінде (77 килограммға дейін) ұйымның үздік жауынгерлері рейтингінде үшінші орында тұр.

Рахмоновтан жоғары белбеудің бұрынғы иелері Леон Эдвардс пен Камару Усман ғана тұр. UFC-дің қазіргі чемпионы – Белал Мұхаммед. Ол бұған дейін Шавкатпен жұдырықтасуға дайын екенін білдірді.

Dar Pro Team журналист Марсель Дорфтың ақпаратына сілтеме жасай отырып, қазақстандық спортшы биыл желтоқсанда чемпиондық титул үшін күресуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.