Жәнібек Әлімханұлы өз жекпе-жектерінің демеушісі туралы айтты
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы өзінің демеушісі бизнесмен Кеңес Рақышевқа алғыс білдірді.
Бұл туралы спортшы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
«Кеңес Рақышев ағам! Әр жекпе-жегіме қолдау көрсетіп, Qazaq style-дың тарихта қалуына, көк тудың желбіреуіне зор үлесін қосып жүрген ағам! Бұйыртса, бірге 4 титулды жинаймыз», - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Айта кетейік, 4 қазан күні кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы Аустралияның Сидней қаласында өткен бокс кешінде жаңазеландиялық Андрей Михайловичті айқын басымдықпен жеңген болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.