Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

«Белалдың қорқынышты түсі». Шавкаттың чемпиондық жекпе-жегі туралы мультфильм шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
16.10.2024, 11:23

Оны ММА және бокс тақырыбында видеолар шығаратын мультипликатор Муджахед Фудайлат жасап шыққан. 

ММА және бокс тақырыбында видеолар шығаратын мультипликатор Муджахед Фудайлат өзінің YouTube арнасында қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен америкалық Белал Мұхаммад арасында өтетін кездесуге арналған туындысын таныстырды. 

«Белалдың түнгі қорқынышты түсі» деп аталатын шығармада UFC президенті Дана Уайт Шавкаттың жеңісін көз алдына елестетіп қана қоймай, өз қиялында «Көшпендінің» (Шавкаттың лақап аты) чемпион атануына тікелей көмек көрсетеді. Ал Белал Мұхаммад қорқынышты түс көреді. Онда салт атты зұлым кейпіндегі Рахмонов пен домбыра ұстаған Уайт Белалды қуалап жүреді. 

Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді. Ол UFC 310 турнирінің басты кездесуі болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір