Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Головкиннің бапкері ұлттық құраманы жаттықтыруға кірісті

Редактор Penalty.kz
21.10.2024, 15:11

Қазір бокстан ересектер құрамасы Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында жаттығу жиынын өткізіп жатыр. 

Vesti.kz
Vesti.kz

Бокстан ересектер құрамасы Алматы облысындағы олимпиадалық даярлау орталығында бас қосты. Бұл жолы командаға Геннадий Головкиннің физикалық даярлығына көмектескен Кристофер Камачо қосылды. 
Америкалық маман Головкиннен бөлек, Хабиб Нурмагомедов, Кейн Веласкес, Даниэль Кормье, Люк Рокхолд, Брэндон Адамс секілді мықтыларды баптаған. Енді қазақстандық жігіттердің шеберлігін шыңдаумен айналысады. 

Былғары қолғап шеберлері бірер апта бойы жалпы физикалық дайындықты пысықтайды. Одан кейін Астанаға жиналып, жауынгерлік әзірлік өткізбек. Бұл жаттығудың барлығы алдағы Азия чемпионатына бағытталған. Яғни, қазанның соңы мен қарашаның басында Иордания астанасы Амман қаласында ересектер арасындағы құрлықтық дода өтеді. Бұл Париж олимпиадасынан кейінгі ең ірі байрақты бәсеке. Осы жарыста біздің жігіттер олимпиадада кеткен есені қайтаруға тырысады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір