UFC рейтингінде 13-ші орында тұрған Майкл Пейдж, америкалық Белал Мұхаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы титулдық жекпе-жекке қатысты өз болжамымен бөлісті.
Британдық аралас жекпе-жек шебері, жартылай орта салмақ бойынша UFC рейтингінде 13-ші орында тұрған Майкл Пейдж, америкалық Белал Мұхаммад пен қазақстандық Шавкат Рахмонов арасындағы титулдық жекпе-жекке қатысты өз болжамымен бөлісті.
"Менің ойымша, Белал фаворит болып қала береді. Көптеген адам Шавкатқа сенім артуда, бірақ менің ойым басқаша. Белал кей жанкүйерлерді таң қалдырады деп ойлаймын. Ол шабуылда сақ болып, Шавкаттың тейкдаундарынан абай болуы керек, өйткені Шавкаттың қапсыра ұстауы өте қауіпті. Сондықтан тейкдаундар кезінде сақ болып, мойнын дұрыс қоюы керек. Десе де, меніңше, Белал осы жекпе-жекте агрессор бола алады. Шавкат өзіне қарсы шабуыл жасайтын, бастарын тік ұстап айқасатын қарсыластарға үйренбеген. Мысалы, Джефф Нил осындай қарсыластардың бірі болды. Олардың жекпе-жегі қаншалықты тартысты болғанын көрдік. Сондықтан Белалдың жеңіске жетеді деп ойлаймын, — деді Пейдж Ариэль Хельванимен болған сұхбатта.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов пен Белал Мұхаммад арасындағы жекпе-жек 7 желтоқсан күні Лас-Вегаста өтетін UFC 310 турнирінің басты оқиғасы ретінде жоспарланған.