Жартылай орта салмақтағы чемпион белбеуі үшін жекпе-жек 8-ші желтоқсанда Лас-Вегаста өтуі керек еді.
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (18-0) UFC 310 турниріндегі титулдық жекпе-жегі өтпейтін болды.
Жартылай орта салмақтағы чемпион белбеуі үшін жекпе-жек 8-ші желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтуі керек еді.
Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мұхаммад та (24-3-0-1) бұл ақпарды растады. Оған спортшының ауруханаға түсуі себеп. Белал өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында инфекциялық ауруға шалдыққанын жазды.
«Жекпе-жекті көре алмайтындарыңыз өте өкінішті. Жақында бұдан да мықтырақ болып ораламын», - деп жазды Мұхаммад.
Шавкатқа жаңа қарсылас іздестіріліп жатыр ма, жоқ па әзірге белгісіз. Белалмен арадағы жекпе-жектің кейінгі қалдырылатыны туралы да ақпар жоқ.