Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас табылды

Сарапшы, спорт журналисі

БАҚ беттерінде оның қазақстандық файтерге бәсекелес бола алатыны айтылуда.

Шавкат Рахмоновқа жаңа қарсылас табылды
sport-express.ru

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновқа бәсекелес бола алатын жаңа қарсыластың есімі аталды. Vesti.kz хабарлауынша, бразилиялық файтер Карлос Пратес (21-6) UFC-дің жартылай орта салмақ дивизионында Шавкатқа кәдімгідей қарсылық көрсетуге қауқары бар.  

Лас-Вегаста өткен соңғы UFC турнирінде Пратес Рахномовтың бұрынғы қарсыласы – америкалық Нил Мэгнимен (29-13) жұдырықтасып, бірінші раундта қарсыласын сұлатып түсірген еді. 

Жалпы, соңғы 9 айда Пратес төрт жекпе-жек өткізді. Төртеуін де нокаутпен аяқтады. Салыстырмалы түрде айтар болсақ, Рахмонов, Камару Усман мен Колби Ковингтон бұл аралықта бірде-бір рет жекпе-жекке шыққан жоқ. 

Карлос Пратес осы аптада жартылай орта салмақтағы үздік 15-ке кіруі мүмкін.  

Айта кетейік, бразилияқ файтер спорттық мансабында небәрі 6 рет жеңілген.  Октагонға қаншалықты жиі шығатынын ескерсек, Пратес алдағы жылдары Шавкат Рахмоновпен кездесуі әбден мүмкін деп жазады Vesti.kz. 

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін былтыр UFC 296 турнирінде Стивен Томпсонға қарсы өткізді. Оны отандасымыз екінші раундта жеңіспен аяқтаған болатын. 
Шавкаттың келесі кездесуі 7-ші желтоқсанда өтеді жоспарланып отыр. Алайда оған кім қарсы тұратыны әзірге белгісіз. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір