Оның қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталмақ.
Таразда күрес түрлерінен Қазақстан кубогы басталды.
Жарыстың алғашқы күні боз кілемге грек-рим күресінің шеберлері шықты.
55, 63, 72, 82 және 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдесетін палуандар өзара мықтыны анықтады.
55 кг салмақ дәрежесі:
Ербол Камалиев
Ерасыл Мәмітбеков
Алпамыс Дастанбек және Ерсін Абыыр
63 кг салмақ дәрежесі:
Мейрамбек Айнагұлов
Дастан Зарлыханов
Асаухат Мұхамадиев және Нұрзат Марат
72 кг салмақ дәрежесі:
Адильхан Сатаев
Сырым Сәрсен
Мадияр Мәулітқанов және Данияр Каленов
82 кг салмақ дәрежесі:
Омар Сатаев
Диас Қалтай
Олжас Ерғали және Мирас Баршылыков
97 кг салмақ дәрежесі:
Ильяс Гучигов
Айдос Әміров
Рахат Бержанов және Ерғали Бектұрсынов
Қазақстанның грек-рим, әйелдер және еркін күрес федерациясының баспасөз қызметі атап өткендей, бұл турнир ел чемпионатынан кейінгі ең маңызды республикалық жарыс саналады. Сондықтан оның қорытындысы бойынша ұлттық құрама жасақталмақ.
Айта кетейік, жуырда Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылғы әлем чемпионаты қай елде өтетінін жариялады. Ересектер арасындағы әлем біріншілігі 13-21 қыркүйек аралығында Хорватияның Загреб қаласында өтсе, Азия чемпионаты 25-30 наурыз аралығында Иорданияның Амман қаласында өтеді.