Әу баста америкалық файтер Шавкатпен жекпе-жекке шығуы керек еді.
Жартылай орта салмақта UFC чемпионы Белал Мухаммад жеңіл салмақ дәрежесі бойынша UFC белбеуінің иегері Ислам Махачевпен жұдырықтасуға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Fighttime.ru хабарлады.
"Мен ешқашан Ислам Махачевпен жекпе-жекке шықпаймын. Ол менің бауырым. 2-3 жеңістен кейін менде орта салмаққа ауысуы мүмкіндігі пайда болады. Сондықтан жолымыз түйіспейді", - деді америкалық ММА шебері.
Қазір Белал ауруынан айығып жатыр. Оның келесі қарсыласы Шавкат Рахмонов пен Йен Мачадо Гэрри жекпе-жегінің жеңімпазы болуы мүмкін. Бұл айқас 8-желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді.
Ал Ислам Махачев келесі кездесуін 18-қаңтарда Лос-Анджелесте өтетін UFC 311 турнирінде өткізуді жоспарлап отыр. Оның қарсыласы Арман Царукян болады.