Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Отандасымыз промоутерлік ұйымдарға мәлімдеме жасады
Кәсіби бокстан WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желілер арқылы өзінің промоутері Боб Арумға жүгінді. Қазақстандық боксшы өз салмағында титул үшін лайықты қарсылас таба алмай әлек.
"Боб Арум, Карл Моретти және Top Rank Boxing маған мықты қарсылас таба алады деп үміттенемін", - деп жазды Әлімханұлы Х әлеуметтік желісінде.
Бұған дейін WBO Жәнібекті британдық боксшы Хамза Ширазбен жұдырықтасуға міндеттеген. Бірақ соңғысы бұл жекпе-жекке қызығушылық танытпады. Оның орнына WBC чемпионы Доминик Карлос Адаместі таңдады. WBA чемпионы Эрислан Лара кіші Крис Юбенкпен келіссөздер жүргізуде. Яғни Жәнібекке қазір осы салмақта қарсылас табу қиынға соғып отыр.
Еске сала кетсек, қазан айының басында Жәнібек Әлімханұлы жаңазеландиялық Андрей Михайловичті нокаутқа жіберген.