UFC 310 турнирінде Чарльз Оливейра Шавкат Рахмоновтың қарсыласы болады
Бұл туралы Иэн Мачадо Гэрри мәлімдеді.
mma.metaratings.ru
Жеңіл салмақ дәрежесінде UFC-дің бұрынғы чемпионы Чарльз Оливейра ирландиялық Иэн Мачадо Гэрридің Шавкат Рахмоновқа қарсы жекпе-жегінде көмекші қызметін атқарады.
Ирландиялық файтер Youtube-та жанкүйерлердің сұрақтарына жауап беру кезінде осылай деді.
"Менің UFC-дегі жақсы көретін файтерім кім дейсіздер ме? Чарльз Оливейра. Жекпе-жектерінің бәрі қызық. Үнемі шоу көрсетеді. Ол менің жекпе-жегімде маған көмектеседі", - деді Гэрри.
Айта кетейік, Шавкат пен Иэн арасындағы айқас 8 желтоқсанда Лас-Вегаста өтеді. Жекпе-жек жеңімпазы кейін Белал Мұхаммадпен жұдырықтасады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet