Түркіменстандық боксшы Абылайхан Жүсіповтен таяқ жеді
Отандасымыз Азия чемпионатындағы кездесуін Азиада ойындарының қола жүлдегері Байрамдұрда Нұрмұхаммедовпен бастады.
Абылайхан Жүсіпов үш раундтың қорытындысы бойынша жеңіске жетті. Төрешілер оған бірауыздан басымдық берді (5:0). Тіпті Нұрмұхаммедов нокдаунға түскен.
Айта кетейік, Жүсіпов әлем чемпионаттарының үш дүркін қола жүлдегері. 2017 жылғы Азия чемпионатында күмісті медаль алған. 2020 - 2023 жылдары кәсіпқой бокста (рекорд - 4-0, 3 КО) өнер көрсетті. Содан кейін әуесқой боксқа оралу туралы шешім қабылдады.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.