Жазира Орақбаева қарсыласын нокаутқа жіберді
Отандасымыз Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды.
Қазақстандық боксшы ширек финалда тайбэйлік Ютин Луомен жұдырықтасты.
Жазира бірінші раундта-ақ қарсыласын екі рет құлатты. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.
Жартылай финалға шыққан Орақбаева жүлдегерлер қатарына қосылды.
Оның еншісінде кемінде қола медаль бар.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.