ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Махмұд Сабырхан "алтынға" таласады

Чиангмайда бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді.

Махмұд Сабырхан "алтынға" таласады
offside.kz

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта шаршы алаңның иесі Саравут Суктхетпен бетпе-бет келді, деп жазады Қазақпарат. 

Бірінші раундта Сабырханның соққыларынан кейін таилық боксшының қасы жарылып кетті. Шаршы алаң иесінің жұдырығы да тиіп жатты. Соны ескерді ме, қапталдағы бес төрешінің үшеуі Махмұд басым деп тапты.

Екінші кезеңнің соңына қарай рингтегі рефери Суктхетке нокдаун тіркеді. Есеп 5:0 болып, Махмұд айқын басымдық танытты.

Қорытынды есеп – 5:0. Енді қазақстандық боксшы алтын үшін шаршы алаңға шығады. 

Бүгін сонымен қатар Санжар Тәшкенбай ақтыс сынға жолдама алған. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.