Аида Әбікеева Азия чемпионы атанды
Аида Әбікеева Чиангмайда бокстан өтіп жатқан құрлықтық бәсекенің финалында жұдырықтасты.
63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аида вьетнамдық Лин Ха Тхиді тізе бүктірді. Осылайша ол Қазақстанның жүлде қорына екінші алтын медаль салды.
Аида Әбікеева 1/4 финала өзбек Дильфуза Бекованв жеңген. Жартылай финалда турнир қожайыны Тхананей Сомнуекті қапы қалдырды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір қалдыру уақытша жабық.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.