Жәнібек Әлімханұлы Канелоның салмағына қашан ауысады?
Орта салмақта IBF және WBO чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Boxing News порталына берген сұхбатында жоғары салмаққа өту туралы сұраққа жауап берді.
"Менің мақсатым - барлық титулдарды біріктіру. Психологиялық тұрғыда бұл маған еш әсер етпейді. Менің уақытым әлі келеді. Барлық төрт титулды жинаймын Содан кейін келесі салмаққа өтемін, - деді Жәнібек.
Еске сала кетсек, орта дивизиондағы WBA белбеуі кубалық Эрисланди Ларада болса, ал WBC титулы доминиканалық Карлос Адаместе.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.