Ғұсман Қырғызбаев: "Енді тек жігітше күрестер болады"

Сарапшы, спорт журналисі

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев дзюдодағы жаңа ережелер туралы пікір білдірді.

Ғұсман Қырғызбаев: "Енді тек жігітше күрестер болады"
NUR.KZ

Спортшының айтуынша, енгізіліп жатқан өзгерістер дзюдоны одан әрі тартымды ете түспек.

“Бұрын жоқ болып кеткен “юко” ұпайы қайта енгізіліп жатыр. “Юконың” оралғаны дұрыс болды”, – деді ол. 

Сонымен қатар, шабуылға берілетін 30 секунд ережесіне қатысты Қырғызбаев оң бағасын берді.

“Қызық күрестер болады деп ойлаймын. Енді тек жігітше күрестер болады. Өзіме осы ереженің ауысқаны қатты ұнады”, – деді дзюдошы.

Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев бүгін ҚР Туризм және спорт министрлігі ұйымдастырған “Үздік” атты салтанатты шарасына қатысқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір