ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

Иван Дычко рингке шықпайтын болды

Аса ауыр салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко 27 желтоқсанда Алматыда өтетін кешке қатыспайды.

Иван Дычко рингке шықпайтын болды
smartnews.kz

Дычко жарақаттанып қалды. Сол себепті ресейлік Виталий Кудуховқа (7-2, 3 КО) қарсы жекпе-жекке шыға алмайды. Осыған байланысты All Stars мәлімдеме жасады.

“Өкінішке қарай, спарринг кезінде Иван Дычко иығынан жарақат алды. Медициналық тексерістен кейін кәсіби бокс комиссиясы спортшыны алдағы жекпе-жекке жібермеу туралы шешім қабылдады. Біз Иванға тезірек сауығып кетуін тілейміз және барлық жанкүйерлерге түсіністік танытқаны үшін алғысымызды білдіреміз”, – делінген промоушеннің мәліметінде.

Жекпе-жектің қай уақытқа ауыстырылғаны беймәлім. Қазақстандық боксшы бұған дейін шаршы алаңға тамызда шығып, Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өткен айқаста американдық Крейг Льюисті (15-8-1, 8 КО) екінші раундта нокаутқа жіберген.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.