Бивол мен Бетербиев реванш алдында көз түйістірді

Сарапшы, спорт журналисі

Лондонда жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Артур Бетербиев пен экс-чемпион Дмитрий Бивол арасында реваншқа арналған ресми баспасөз мәжілісі өтті.

Бивол мен Бетербиев реванш алдында көз түйістірді
sportbox.ru

Бұл жолы боксшылар өзара қысқа ғана сөйлесіп, алдағы жекпе-жекке қатысты дайындықтары туралы айтты, деп жазады 1bol.kz

“Сен мені хат тасушы деп ойлайсың ба? Біз рингте мықты жекпе-жек көрсетеміз. Менің хабарламам – дайын бол. Басқа айтарым жоқ”, - деді Артур Бетербиев.

Ал Дмитрий Бивол болса “менің Артурға ешқандай хабарламам жоқ, себебі мен хат тасушы емеспін. Біз рингке шығамыз. Нәтижені сондағы іс-әрекетіміз көрсетеді” деп жауап берді.

Аталған реванш айқасы 22 ақпанда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтпек.

Қос боксшы өткен жылдың қазан айында кездесіп, 12 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің көпшілік шешімімен Артур Бетербиев жеңіске жеткен болатын. Сол жолы Бетербиев WBC, WBA Super, IBF, WBO, IBO және The Ring белбеулеріне қол жеткізді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір