Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Спорт министрі дзюдошы Галбадрахтың азаматтығына қатысты не деді?

Редактор Penalty.kz
14.01.2025, 21:48

Дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг Қазақстанның спортына оңтайлы әсер етті, деді ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

Спорт министрі дзюдошы Галбадрахтың азаматтығына қатысты не деді?
vesti.kz

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында тілшілер Моңғолия елінің азаматтығын қайтадан алуға өтініш берген Галбадрах Отгонцэцэгке қатысты түсінік беруді сұрады, деп жазады kaz.inform.kz.

Өз кезегінде Е. Мырзабосынов танымал дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг біраз уақыт Қазақстан атынан бірқатар жарысқа қатысқанын еске салды.

“Тиісті жұмыстардың арқасында еліміздің құрамасында осы салмақ дәрежесінде қыздар жақсы нәтиже көрсетіп келеді... Осы спорт бойынша федерациямен аталған мәселе талқыланды. Спортшының (Галбадрах Отгонцэцэг) отбасы жағдайы, оның шығу тегі Моңғолиямен байланысты. Ол енді сондағы құрамамен жұмысын атқарады. Жалпы, осындай тәжірибелер бар. Бұған дейін шетелден тартылған спортшыларға қатысты мәселелер көтерілген еді. Отандық спорт мектептеріндегі спортшыларды даярлауға, өзіміздің кадрларға екпін қойып отырмыз”, - деді министр.

Ербол Мырзабосыновтың пайымынша, Галбадрах Отгонцэцэгтің тәжірибесі Қазақстанның спортына оңтайлы әсер етті.

“Спортшы және бапкер әрі тәлімгер ретінде ол біздің дзюдошыларға белгілі бір тың серпін берді. Ол өзінің келісімшарттағы міндетін орындады. Енді өзінің отбасына оралды”, - деп түсіндірді министр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір