UFC Жалғас Жұмағұловқа қатысты шешім шығарды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов Австралиядағы UFC 312 турнирінен тыс қалды. 

UFC Жалғас Жұмағұловқа қатысты шешім шығарды
@alashsporty

UFC 312 Жалғас Жұмағұловсыз өтеді. Оның мүмкін болған қарсыласы Рэй Цуруя (10-0) да турнирге қатыспайды. 

Қазақстандық жарақатына байланысты турнирден тыс қалған австралиялық Стюарт Николлдың (8-1) орнына октагонға шығуы керек болған. Бірақ UFC өкілдері Жұмағұловқа жеңіліп көрмеген жапондықты ұсынудан айнып қалды.

"Мен қашанда дайынмын. Мик Мэнард, қажет болсам хабарласыңдар!", — деп жазды Жако UFC вице-президентіне.

Еске сала кетсек, Жұмағұлов промоушендегі соңғы жекпе-жегін 2023 жылдың жазында Мьянма өкілі Джошуа Ванға қарсы өткізіп жеңіліс тапқан. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір