Ислам Махачев қарсыласын қылғындырып тастады (ВИДЕО)
Лос-Анджелестегі UFC 311 турниріндегі басты жекпе-жекте ресейлік файтер Ислам Махачев (26-1) пен бразилиялық Ренато Мойкано (20-5-1) чемпиондық атақ үшін төбелесті.
Бес раундқа есептелген айқас ұзаққа созылмады. Махачев алғашқы раунда-ақ қарсыласын қылғындыру әдісімен қапы қалдырды. Осылайша Ислам MMA-де 27-ші жеңісіне қол жеткізіп, төртінші рет чемпиондық атағын қорғай алды.
Еске сала кетсек, бастапқыда Ислам Махачевке армениялық Арман Царукян (22-3) қарсылас атануы керек еді. Бірақ ол арқасын жарақаттап октагонға шығудан бас тартты.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.