Қамшыбек Қоңқабаев былғары қолғабын шегеге ілді
Қазақстан ұлттық құрамасының экс-капитаны, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев мансабын аяқтады.
olympic.kz
Бұған дейін ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Қайрат Сәтжанов пен Бақтияр Артаев Қамшыбектің рингке оралуы екіталай екенін айтқан. Енді бұл ақпарат реми расталды.
Қамшыбек Қоңқабаев Париж Олимпиадасынан бері шаршы алаңға оралған жоқ. Қазір оның орнын (+92 кг) Айбек Оралбай басты.
Қамшыбек Олимпиада жүлдесінен бөлек екі рет әлем чемпионатының (2017, 2019), үш дүркін Азия чемпионатының күміс жүлдегері (2017, 2019, 2021).
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet