Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Асу Алмабаевқа жаңа қарсылас табылды

Редактор Penalty.kz
30.01.2025, 14:50

Қазақстандық UFC жекпе-жек шебері Асу Алмабаевтың австралиялық қарсыласы Стив Эрцег жекпе-жектен бас тартып, отандасымыз қарсылассыз қалған еді.

Асу Алмабаевқа жаңа қарсылас табылды
Sport-pulse.kz

2 наурызда  UFC Vegas 103 турнирінде Алмабаев бразилиялық Аллан Насиментомен (20-6) кездеседі.

Насиментоның UFC-дегі дебюті 2021 жылғы 30 қазанда ресейлік Тагир Уланбековке қарсы өткен. Үш раундтық жекпе-жек қорытындысы бойынша бразилиялық спортшы төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты. Соңғы жекпе-жегін Насименто 2023 жылы UFC Fight Night 217 турнирінде Карлос Эрнандеске қарсы өткізіп, қарсыласын сабмишн әдісімен (арқадан тұншықтыру) мерзімінен бұрын жеңді.

Ал Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамыз айында Одди Осборнды сабмишн әдісімен жеңіп бастады, ал 2024 жылы СиДжей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілер шешімімен бірінен соң бірін жеңді.

30 жастағы қазақстандық спортшы ММА-да қатарынан 17 рет жеңіске жетіп келеді. Николауды жеңгеннен кейін бірден жеті сатыға көтеріліп, UFC-дің үздік 7 файтерінің қатарына кірді, бірақ қазір жеңіл салмақта UFC рейтингінде сегізінші орынға тұрақтаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір