Дзюдодан Қазақстан чемпионатында Атырау облысы үздік болды

Сарапшы, спорт журналисі

Оралда төрт күнге созылған дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті.

Дзюдодан Қазақстан чемпионатында Атырау облысы үздік болды
sports24.kz

Біріншіліктің шешуші турында аралас-командалық жарыста жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды. Бәсекеде Алматы қаласының құрамасын жеңген Атырау облысының жасөспірімдері чемпион болды. Алматылықтар күмісті қанағат тұтты. Қола жүлдеге Астана қаласы мен Қарағанды облысының командасы ие болды.

Қазақстан дзюдо федерациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, жекелей жарыс нәтижесі бойынша жалпыкомандалық есепте Шымкент (3 алтын, 2 күміс, 5 қола) көш бастады. Алматы қаласының (3 алтын 1 күміс, 1 қола) спортшылары екінші орыннан көрінсе, Қарағанды облысының (3 алтын, 3 қола) құрамасы спортшылары үздік үштікті түйіндеді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір