Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Бақыт Сәрсекбаев жуырда жас боксшыларды дайындауға кіріседі

Редактор Penalty.kz
07.02.2025, 20:00

18-22 жас аралығындағы боксшылар арасында резервтік құрамға іріктеу чемпионаты өтеді. Бұл турнирде жүлделі орын алғандар Сәрсекбаевтың басшылығымен жаттығады.

Бақыт Сәрсекбаев жуырда жас боксшыларды дайындауға кіріседі
golos-naroda.kz

Олимпиада чемпионы жаңа резерв құрамын жасақтамақ

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының чемпионы, әйгілі қазақстандық боксшы Бақыт Сәрсекбаев елге оралды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Оның айтуынша, 12-19 ақпан аралығында 18-22 жас аралығындағы боксшылар арасында резервтік құрамға іріктеу чемпионаты өтеді. Бұл турнирде жүлделі орын алған жас спортшылар Сәрсекбаевтың басшылығымен жаттығатын болады.

“Мақсат – барлық салмақ дәрежесінде бәсекелестік тудыру”- деді ол.

Олимпиада чемпионы қазіргі таңда Қазақстан боксында мықты ішкі бәсекелестіктің жетіспейтінін атап өтті.

Қазақ боксының дәстүрлі стилі өзгерді

Боксшы соңғы 10-15 жылда қазақстандық бокстың стилі түбегейлі өзгергенін айтты.

“Қуантарлығы - талантты жастар баршылық, қынжылтарлығы - бүгінгі бокстың стилі түбегейлі өзгеріп кеткен. Осы соңгы 10-15 жылда баяғы қазақ стилі 100% өзгеріске ұшыраған” – деді ол.

“Менің жаттығуларым оңай болмайды”

Бақыт Сәрсекбаев өз жаттығуларынан тек мықты, қайсар, көзінде оты бар, Олимпиада чемпионы болуды армандайтын жастар ғана өте алатынын баса айтты.

“Менің жаттығуларым жеңіл болмайтынын боксшылар біледі. Сондықтан маған тек жүрегінде түгі бар, амбициясы жоғары, жаттығудан шаршамайтын спортшылар келеді. Ал мен оларға қазақ боксының дәстүрлі стилін қайта үйретіп, өз техникаммен бөлісемін. Менің міндетім – оларды Олимп шыңына жеткізу,” – деп түйіндеді Сәрсекбаев.

Қазақстан боксы қайта өрлеу кезеңіне аяқ басты ма? Әлде жоқ па оны алдағы турнирлер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір