Әбиба Әбужақынованың татамиге қашан оралатыны белгілі болды
7-9 наурыз аралығында Австрияның Линц қаласында дзюдодан әлемдік Гран-при турнирі өтеді.
Qaz365.kz
Қазақстан атынан жарысқа Әбиба Әбужақынова бастаған 9 дзюдошы қатысады. Бұл туралы prosport.kz жазады.
Құрам:
- 60 кг: Орынбасар Талғат
- 66 кг: Ботабай Нұрмұхамед
- 73 кг: Барыс Қуан
- 81 кг: Амангелді Мәди
- 48 кг: Әбиба Әбужақынова
- 52 кг: Толғанай Әбеуова
- 57 кг: Дана Әбдірова
- 63 кг: Самалай Ерғалиева
- +78 кг: Әкерке Рамазанова
Бұл турнир Әбиба Әбужақынова үшін Париж Олимпиадасынан кейінгі екінші жарыс болмақ. Ол бұған дейін Әбу-Даби Гранд Слэм турнирінде қола медаль жеңіп алған.
Линц Гран-при турнирі 2023 жылдан бері өткізіліп келеді. Бұған дейінгі екі жарыста қазақстандық дзюдошылар жүлдеге іліге алмаған.
Айта кетейік, қазір ұлттық құрама Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet