![Қазақстандық боксшылар Сербияда 8 "алтын" алды](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/10/67a96d9b5556b752500539.jpg)
Жалпы командалық есепте отандастарымыз көш басында тұр.
Сербияда “Belgrade winner” халықаралық турнирі аяқталды. Қазақстан құрамасы оның қорытындысы бойынша 13 медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте қарсыластарын шаң қаптырды.
Отандастарымыз қоржынға 8 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль салып қайтты.
71 келі салмақта бақ сынаған Нұрбек Мұрсал жарыстың үздік боксшысы атанды.
Алтын медаль еншілеген боксшыларымыз:
Нұрғиса Тұрабеков (48 келі)
Рамазан Нұрлыбаев (51 келі)
Нұрсұлтан Алтынбек (57 келі)
Жансері Көшербаев (60 келі)
Нұрбек Мұрсал (71 келі)
Санжарәлі Бегалиев (75 келі)
Дәурен Мамыр (86 келі)
Нұрасыл Асылхан (+92 келі)
Күміс медаль иеленген боксшыларымыз:
Бексұлтан Боранбек (54 келі)
Илья Калинин (67 келі)
Бақберген Әлиасқаров (75 келі)
Ильяр Аширов (80 келі)
Қола медаль алған боксшымыз:
Бекзат Мақжан (63.5 келі)