
Қазақстандық ММА файтері Алик Домнич допинг-тесттен өте алмай спорттан шеттетілді.
Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының (ITA) мәліметінше, спортшының 2023 жылдың 18 қарашасында алынған сынамаларынан кломифен ізі анықталған.
Тестілеу нәтижелері бойынша Алик Домнич 2024 жылдың 16 тамызынан бастап 2026 жылдың 15 тамызына дейін спорттан шеттетіледі.
Алик Домнич – жеті дүркін әлем чемпионатының жүлдегері, он мәрте Қазақстан чемпионы, сонымен қатары Азия чемпионы. Бұл дисквалификация оның спорттық мансабына ауыр соққы болып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін де қазақстандық ММА спортшысы Расул Хатаев допингпен ұсталып, спорттан уақытша шеттетілген болатын. Бұл жағдай Қазақстандағы аралас жекпе-жек спортына қатысты допинг бақылауының күшейтілуіне әкелуі мүмкін.