Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (17-9) Павлодарда өткен Fight Nights турнирінде сенімді жеңіске жетті.
Жұмағұлов кәсіпқой бокс ережесі бойынша UFC-дің бұрынғы файтері, америкалық Джастин Скоггинспен (15-7) жұдырықтасты. Кездесу төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды.
Бұл жеңіс Жұмағұловтың кәсіби бокстағы екінші жеңісі болды.
Жалғас Жұмағұлов аралас жекпе-жек мансабын да жалғастыруда. Оның соңғы ММА жекпе-жегі 2023 жылдың қарашасында өтті, онда ол валлийлік Аарон Эбиді (16-10-1) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.