
Нұрсұлтан Тұрсынов бұл жекпе-жекте фаворит саналған еді.
Грек-рим күресінен Қазақстанның танымал спортшысы, 87 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Нұрсұлтан Тұрсынов Албанияның Тирана қаласында өткен Мұхамед Мало мемориалдық турнирінде қола медаль үшін күресті. Оның қарсыласы нидерландтық Марсель Стеркенбург болды. Бірақ Тұрсынов тартысты белдесуде 1:3 есебімен қарсыласына жол берді.
Туған күні: 30 қаңтар 1991 жыл
Туған жері: Семей
Азия чемпионы (2014, 85 кг)
Азия чемпионатының финалисі (2015 - 85 кг, 2023 - 87 кг, 2024 - 87 кг)
Азия чемпионатының қола жүлдегері (2022 - 87 кг)
Қазақстан Республикасының спорт шебері
Халықаралық дәрежедегі спорт шебері
Универсиада (2013, 84 кг: 5-орын), Азия ойындары (2014, 85 кг: 5-орын) және Олимпиада (2021, 87 кг: 14-орын) қатысушысы
8-орын (16 200 ұпай)
2016 жылдың 3 наурызынан 2020 жылдың 3 наурызына дейін допинг ережелерін бұзғаны үшін төрт жылға дисквалификацияланған (мельдоний қолданған).