Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Мерей Ақшалов: "Странджа" турнирінің деңгейі төмендеп кетті"

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 05:00

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов Болгарияда өткен "Странджа" турнирін қорытындылады. 

offside.kz
offside.kz

Бас хатшының айтуынша, биылғы "Странджа" турниріне қатысушылардың саны мен сапасы алдыңғы жылдарға қарағанда аз болған. Бұл туралы Sportbugin.kz жазады. 

"Бұл негізі жыл сайын өтетін қатардағы турнирлердің бірі. Бірақ журналистер" кіші әлем чемпионатына" теңеп, біраз дабыра қылып жіберді. Болгариядағы жарысты біз боксшыларды бір сынап алатын, кімнің дайындығы қай деңгейде екенін байқайтын бәсеке санаймыз. Сол себепті, біраз боксшымызды бәйгеге қостық.

Ал жалпы қатысушылар саны көп болған жоқ. 67 келіде ғана 16 боксшы тіркелді. Қалған салмақтарда әрі кетсе 9-10 атлет жұдырықтасты. Оның екеуі Қазақстаннан екенін ұмытпайық. Сондықтан Софиядағы халықаралық жарыс ұйымдастыру жағынан жоғары деңгейде болғанымен, сапасы жөнінен біраз төмен.

Мерей Ақшалов

Қазақстан құрамасының көрсеткішіне келер болсақ, командалық есепте бірінші орын алдық. Бірақ біздің ең негізгі мақсатымыз – 2026 жылы өтетін Азия ойындары, 2027 жылы Астанада өтетін лицензиялық әлем чемпионаты және 2028 жылғы жазғы Олимпиада екенін айтқым келеді. Біз осы үш бәсекеде жақсы нәтиже көрсету үшін жұмыс істеп жатырмыз", — деді Ақшалов.

Қазақстан ерлер құрамасы" Странджа" турнирінен 5 алтын алса, әйелдер командасы жалпы есебі 15 жүлде жеңіп алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір