
Сауль Альварес қарымта жекпе-жекке қатысты қызығушылық танытты. Бірақ нақты жауап бермеді.
WBC, WBA және WBO нұсқалары бойынша екінші орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес жартылай ауыр салмақтағы абсолютті чемпион Дмитрий Биволмен реванш өткізу ықтималдығын бағалады.
Альварес Биволмен қайта рингке шығуға қарсы емес екенін білдіргенімен, нақты шешім жайлы ашық мәлімдеме жасаудан бас тартты.
"Барлығы болуы мүмкін. Маған қиындықтарды еңсеру ұнайды. Көреміз," – деді Альварес Вильям Скуллмен болатын жекпе-жегіне арналған баспасөз конференциясында.
Ескесала кетейік, 2022 жылы Бивол мен "Канело" алғаш рет кездесіп, нәтижесінде ресейлік боксшы төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен еді.