ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 24-тур

UFC чемпионына қазақы сыйлық тарту етілді (ВИДЕО)

Жартылай ауыр салмақтағы UFC-дің жаңа чемпионы, ресейлік Магомед Анкалаев (20-1-1-1) қазақстандық жанкүйерден ерекше сыйлық алды.

UFC чемпионына қазақы сыйлық тарту етілді (ВИДЕО)
rbc.ru

UFC 313 турнирі аяқталған бетте Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) түсірілген видео пайда болды.

Кадрларда спортшы қазақтың ұлттық шапанымен суретке түсіп жатқанын байқауға болады. Анкалаевқа арнайы шапан дайындаған қазақстандық жанкүйер бұрын да осындай сыйлықтарымен танылған. Ол бұған дейін UFC жұлдыздары Шарабутдин Магомедов, Роберт Уиттакер және басқа да спортшыларға ұлттық киім тарту еткен.

Айта кетейік, турнирдің басты жекпе-жегінде Магомед Анкалаев бразилиялық Алекс Перейраны (12-3) жеңіп, UFC тарихындағы төртінші ресейлік чемпион атанды. Жеңісінен кейін ол отандастары мен жанкүйерлерінен көптеген құттықтаулар алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.