ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Бокстан әйелдер арасындағы бокстан ӘЧ-2025: Қазақстан екінші жарыс күнін қалай өткізді?

Ниш (Сербия) қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының екінші күнінде Қазақстаннан тек бір боксшы ғана шаршы алаңға шықты. 

Бокстан әйелдер арасындағы бокстан ӘЧ-2025: Қазақстан екінші жарыс күнін қалай өткізді?
Instagram/@qaz_team_official

Қазақстан алғашқы шығынын тіркеді

Анита Адишева 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/16 финалда Мексика өкілі Эсмеральда Жасмин Патиньо Хуареспен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жекте Адишева 2:3 есебімен жеңіліс тапты. Айта кетерлігі, үшінші раундта Патиньо Хуарес нокдаунға түсті, бірақ бұл жағдай жекпе-жек нәтижесіне айтарлықтай әсер еткен жоқ.

Осылайша, Анита Адишева жарысты ерте аяқтап, Қазақстан құрамасы үшін алғашқы шығынға айналды.

Жайна Шекербекова қарсылассыз келесі кезеңге өтті

54 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Жайна Шекербекова да бүгін жекпе-жек өткізуі керек еді. Алайда оның қарсыласы, боливиялық боксшы Джускарли Патрисия Бесерра Монтесинос (IBA "Fair Chance Team" командасы), белгісіз себептермен шаршы алаңға шықпай қалды. Нәтижесінде Шекербекова ешқандай жекпе-жексіз турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.