
Ресейдің атынан өнер көрсететін этникалық қазақ Салтанат Меденова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында кезекті сенсациялық жеңіске жетті.
81 кг салмақ дәрежесінде жартылай финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Меденова румыниялық Мария Георгита Чимперумен қолғап түйістірді. Қазақстан тумасы бірінші раундта-ақ техникалық нокаутпен айқын жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Жекпе-жектің бейнежазбасын төмендегі сілтеме арқылы көруге болады.
Осылайша Салтанат Меденова әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алып кемінде қола жүлдегер атанды. Еске сала кетсек, ресейлік боксшы 1/8 финалда Франциялық Полинезия өкілі Вероити Долли Ненуді бірінші раундта тізе бүктірген.