ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Данияр Елеусінов UFC-мен келісімшартқа қол қойды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (12-0, 7 КО) UFC президенті Дана Уайттың жаңа бокс промоушенімен ресми келісімшартқа отырды.

Данияр Елеусінов UFC-мен келісімшартқа қол қойды
baigenews.kz

Қазақстандық боксшы жаңа жобаға қосылды

“Данияр Елеусінов – Дана Уайттың жаңа бокс лигасымен келісімшарт жасаған алғашқы қазақстандық боксшы”, – деп хабарлады All Stars Boxing өкілдері.

Еске сала кетейік, жақында Дана Уайт Сауд Арабиясының промоутерлерімен бірігіп, жаңа бокс лигасының құрылғанын жариялаған еді. Бұл жоба қазіргі төрт ірі бокс ұйымының жүйесінен ерекшеленеді: әр салмақ дәрежесінде тек бір ғана чемпион болады.

Данияр Елеусінов IBO тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы. Алайда, ол соңғы рет рингке 2023 жылдың қыркүйек айында шыққан еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.