Виктория Графеева әлем чемпионатында "алтынға" таласады (ВИДЕО)
Финалдық жекпе-жекте отандасымыз Еуропа чемпионымен шеберлік байқасады.
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионаты-2025 турнирінде Қазақстан құрамасының өкілі Виктория Графеева финалға жолдама алды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.
Жартылай финалдағы жекпе-жек:
60 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Графеева жергілікті спортшы, Сербия өкілі Наталья Шадринамен жұдырықтасып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Графеева кіммен жұдырықтасады?
Наталья Шадрина – Еуропа чемпионы, 2023 жылғы Еуропа ойындарының күміс жүлдегері
Айта кетейік, Виктория Графеева қазіргі Азия чемпионы.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.