Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Владимир Путин әлем чемпионы атанған қазақ боксшысына құттықтау жолдады

Сарапшы, спорт журналисі
18.03.2025, 23:08

Ресей президенті Владимир Путин Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында алтын медаль алған ресейлік спортшыларға құтты болсын айтты. 

ria.ru
ria.ru

Чемпионат 9-16 наурыз аралығында өтті. 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ресей құрамасына алтын жүлде әкелген этникалық қазақ Салтанат Меденова ерекше көзге түсті.

“Құрметті Нуне Григорьевна, Елена Васильевна, Анастасия Владимировна, Салтанат Серікқызы! Сіздерді әйелдер арасындағы халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) әлем чемпионатында жеңіске жетулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Сіздер осы беделді турнирде өз шеберліктеріңіз бен дарындарыңызды жоғары деңгейде көрсетіп, жанкүйерлердің құрметіне лайық болдыңыздар. Жеңіске деген құлшыныстарыңыз, темірдей төзімдеріңіз және шынайы чемпиондық рухтарыңыз сіздерді жеңіс тұғырына алып шықты. Жарайсыздар!

Ресей құрамасының Ниш қаласында қол жеткізген бұл табысы сіздерге болашақта үлкен жеңістерге жетуге серпін береді деп сенемін. Сіздерге мықты денсаулық, табыс пен сәттілік тілеймін!”, – делінген Ресей президентінің ресми сайтында жарияланған құттықтауында.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 1

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір