Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Бір айлық жалақыға да жетпейді. Назым Қызайбайдың сыйақысы белгілі болды

Редактор Penalty.kz
19.03.2025, 14:00

Таң қаларлығы сол, отандасымыздың әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алатын сыйақысы қазақстандық футболшының бір айлық жалақысынан үш есе аз.

olympic.kz
olympic.kz

Үш дүркін әлем чемпионы атанған қазақстандық боксшы Назым Қызайбайға тарихи жетістігі үшін мемлекеттен арнайы сыйақы берілетіні белгілі болды.

Мемлекеттік сыйақы мөлшері

Қазақстан заңнамасына сәйкес, олимпиадалық спорт түрлерінен әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай марапатқа ие болады.

  • Алтын медаль үшін – 15 000 доллар (шамамен 7,5 миллион теңге);
  • Күміс медаль үшін – 10 000 доллар;
  • Қола медаль үшін – 5 000 доллар беріледі.

Осылайша, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін әлем чемпионы атанған Назым Қызайбайға мемлекеттен 15 000 доллар төленеді.

Ғабит Сыздықбеков Фото: Qaz365.kz

Жақында Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков "Ордабасы" клубының капитаны Асхат Тағыбергеннің жалақысы туралы мәлімдеген еді. Оның ай сайынғы табысы – 20 миллион теңге. Айта кетейік, бұл жалақы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын клубтың есебінен төленеді.

Осылайша, Назым Қызайбайдың әлем чемпионатындағы жеңісі үшін алатын сыйақысы қазақстандық футболшының бір айлық жалақысынан үш есе аз болып тұр.

Назым Қызайбай – Қазақстан тарихындағы ең үздік боксшылардың бірі

  • Назым Қызайбай Қазақстан тарихындағы үш дүркін әлем чемпионы атанған алғашқы боксшы.
  • Ол алғаш рет 2014 жылы әлем чемпионы атанды, кейін 2016 жылы бұл жетістігін қайталады.
  • Салмақ дәрежесін ауыстырып, 2024 жылғы Париж Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алды.
  • Өзінің "төл салмағына" қайта оралғаннан кейін, үшінші рет әлем чемпионы атанды.

Айта кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері кеше Қазақстанға оралды. Алматы әуежайында спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 10
👎 0
😂 3
😡 3

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір