Головкин Бетербиевтен басым түсті
Жуырда жасы 40-тан асқан мықты боксшылардың рейтингі жарияланған болатын.
Белгілі vRINGe порталы 40-тан асқан ең мықты боксшылардың рейтингін жасады. Бұл тізімнің басты жұлдызы – қазақстандық Геннадий "GGG" Головкин (42-2, 37 KO) болды.
Головкиннің бокстағы мұрасы
Қазақстан Ұлттық олимпиадалық комитетінің қазіргі президенті Геннадий Головкин соңғы рет 2022 жылы Сауль "Канело" Альвареспен (62-2-2, 39 KO) кездескен болатын.
-
2017 жылы өткен алғашқы жекпе-жек тең аяқталды.
-
2018 жылғы қарымта кездесуде "Канело" төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
-
2022 жылы болған үшінші айқаста да мексикалық боксшы басым түсті.
GGG екі жылдан бері рингке шықпағанына қарамастан, түрлі рейтингтерге еніп келеді.
vRINGe порталының "ардагер боксшылар" рейтингіне енген басқа жұлдыздар:
-
Артур Бетербиев (21-1, 20 KO) – 40 жас
-
Жан Паскаль (37-7-1, 21 KO) – 42 жас
-
Феликс Штурм (45-6-3, 20 KO) – 46 жас
-
Автандил Хурцидзе (34-2-2, 23 KO) – 44 жас
-
Эрисланди Лара (31-3-3, 19 KO) – 41 жас
-
Гильермо Ригондо (23-3, 16 KO) – 44 жас
-
Оланреважа Дуродола (49-10, 43 KO) – 44 жас
-
Фират Арслан (56-9-3, 41 KO) – 54 жас
-
Сергей Ковалев (35-5-1, 29 KO) – 41 жас
-
Хусейн Джинкара (22-0, 18 KO) – 40 жас
-
Баду Джек (28-3-3, 17 KO) – 41 жас
-
Кшиштоф Влодарчик (65-4-1, 44 KO) – 43 жас
-
Нельсон Хиса (21-0, 19 KO) – 40 жас
-
Мануэль Чарр (34-5, 20 KO) – 40 жас
-
Луис Ортис (34-3, 29 KO) – 45 жас
-
Чжан Чжилеи (27-3-1, 22 KO) – 41 жас
-
Дерек Чисора (36-13, 23 KO) – 41 жас
-
Кубрат Пулев (32-3, 14 KO) – 43 жас