Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Маған екі ай беріңіздер" — Баходир Джалолов Усикті жекпе-жекке шақырды

Сарапшы, спорт журналисі
25.03.2025, 03:18

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы және кәсіпқой бокста жеңілмеген өзбек боксшысы Баходир Джалолов аса ауыр салмақтағы әлем чемпионы Александр Усикке ашық шақыру тастады. 

"Маған екі ай беріңіздер" — Баходир Джалолов Усикті жекпе-жекке шақырды
Vesti.kz

Джалоловтың Олимпиада мен кәсіпқой рингтегі жетістіктері

Баходир Джалолов Токио-2020 және Париж-2024 Олимпиадаларында алтын медаль жеңіп, суперауыр салмақтағы үздік боксшылардың бірі екенін дәлелдеді. Сонымен қатар кәсіпқой бокста ол 14 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Усик пен Джошуаға шақыру

Жақында берген сұхбатында Джалолов мақсаты – Александр Усиқпен рингте жолығу екенін айтты:

"Маған екі-үш ай уақыт беріңіздер, мен Усикпен жекпе-жекке дайын боламын. Маған Усик пен Энтони Джошуамен күш сынасу өте қызық болар еді. Екеуі де Олимпиада чемпиондары әрі кәсіпқой бокста үлкен жетістіктерге жеткен. Мен келемін, жігіттер! Сақ болыңыздар", – деді Джалолов The Ring басылымына берген сұхбатында.

Александр Усик. ФОТО: xsport.ua

Александр Усик – жеңілмеген чемпион

Александр Усик кәсіпқой бокста 23 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Ол 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының чемпионы атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 5
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір